Кеше Астана қаласында 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі күні танымал әнші, халқының сүйікті қызы Алтынай Жорабаева Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан» орталық концерт залында «Қазақстаным алға!» атты есеп беру концертін өткізді.
Алтынай Жорабаеваның ән кеші өтетіндігі туралы әріптес достары Instagraм-дағы парақшаларында хабарлаған болатын. Әншінің кешіне көптеген өнердегі әріптестері мен достары келді.
Алтынай Жорабаева осыған дейін ән кешін осыдан он жыл бұрын 2004 жылы берген болатын. Араға он жыл салып әнші биыл сүйікті тыңдармандарымен қайта көрісіп, көрермендіріне мерекелік көніл-күй сыйлады.
Кешті белгілі жүргізуші Нұрсұлтан Құрман жүргізді. Концертте әнші әндерін тек жанды дауыста орындады. Сондай-ақ, Сакен Майғазиев, Қайрат Нұртас, Жұбаныш Жексенұлы, Талғат Жорабаев, Айгүл Иманбаева сынды кеш қонақтарымен дуэтте ән шырқады. Сонымен қатар, әншінің төрт қызы сахнада өнер көрсетті. Қыздары анасымен ортаға шығып, биден шашу шашты.
Естеріңізге сала кетейік, Алтынай Жорабаеваның алғашқы аудио альбомы 2002 жылы «Арманыма ғашықпын» деген атпен шыққан болатын. Ал «Өмір- өзен» атты алғашқы жеке концерті 2004 жылы «Қазығұрт» өнер орталығының ұйымдастыруымен Алматыдағы Республика сарайында өтті. Осыған дейін «Жүрші, сәулем, ауылға», «Елімнің жүрегі -Астана» деген үнтаспа альбомдары мен «Өмір-өзен» атты бейнетаспа альбомы жарыққа шықты. Сондай-ақ, 2008 жылы 30 жасында Елбасының жарлығымен ҚР еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді. Қазіргі таңда Алтынай 4 қызды тәрбиелеп отырған аяулы ана, асыл жар.

Пікірлер