Гостиницы в Алматы
2017-03-11 21:44:35 3476 7

Димаш Құдайбергенов Қытайдың Hunan TV арнасындағы "Singer" жобасының сегізінші кезеңінде өнер көрсетті.  Қазақстандық әнші қытайлық танымал әртіс Хан Хунның «Таң атты» әнін орындады. 

Осы уақытқа дейін Димаш Құдайбергенов "Singer" жобасының тоғыз кезеңіне қатысқан болатын. Ол, сондай-ақ Қытайдағы танымал адамдар рейтингінде бірінші болып тұр. Қазақстандық әнші Қытайда танымал көлік брендінің жарнамасына да түсіп, белгілі актер Джеки Чанмен кездесіп үлгерді.

Қытай БАҚ-тарында "Димаш феномені" деген термин пайда болды. Әнші жылдың соңына дейін жеке альбомын шығаруды жоспарлап отыр. Қытайлық музыка мамандары оны "Тәңір назарына алған әнші" деп атады, ал фанаттары қазақша үйрене бастады. Жергілікті компания әншінің құрметіне смартфон шығарды, сонымен қатар "Димаш" және "Қазақстан" Қытай интернетінде жиі ізделінетін сөздер қатарына енді.

Әнші туралы барлық деректі мына жерден білуге болады.

 

Пікірлер

  • жеңіс
    жарайсың бауырым
  • Жанар
    жарайсын Димаш!!!
  • Канат
    Жарайсың Димаш!
  • Абишева гүлжамал
    Керемет.алла жар болсын.жолың ашық.жарқын болсын
  • Раха
    Жарайсын!
  • Гулжамал
    ДИМАШ КУДАЙБЕРГЕНОВТЫ ТИЛ КӨЗДЕН ,КАУИП ҚАТЕРДЕН САҚТАЙ ГӨР АЛЛА.
  • Бибажар Турымова
    Димаш Алла жар болсын озине, тил козден сактасын! Жарайсын!!! Алаш атын алемге айгили еттин.

Пікір жазу