Гостиницы в Алматы
2017-02-22 20:57:03 2208 1

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қытайда өтіп жатқан "Singer" жобасының жетінші кезеңінде Димаш Құдайбергеновтің қандай ән айтатынын хабарлады. Бұл туралы Tengrinews.kz жазады. 

"Достар, жақсы жаналық! Қытайдағы I Am a Singer байқауында Димаш Құдайбергенов Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің ұлт аспаптар ансамблімен бірлесіп, "Дайдидауды" орындайды.ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен ансамбль Қытайға барды, қазір дайындалып жатыр", - деп жазады шенеунік.

"Курстастары Димашқа музыкалық сүйемелдеу көрсету үшін Қытайға қуана аттанда, бұл бірегей шығарма болмақ. Біздің музыканттар сахнаға арнайы осы нөмір үшін тігілген ұлттық киімдерді киіп шығады", - деп атап өтті министр.

Димаш Құдайбергенов "Дайдидау" әнін орындап, "Славян базары" халықаралық байқауының Гран-приін ұтып алған болатын.

Осы уақытқа дейін "Singer" жобасының алты кезеңіне қатысқан Димаш Құдайбергенов жалпы есепте бірінші орында келе жатыр. Ол, сондай-ақ Қытайдағы танымал адамдар рейтингінде бірінші болып тұр. Қазақстандық әнші Қытайда танымал көлік брендінің жарнамасына түсіп, белгілі актер Джеки Чанмен кездесіп үлгерді.

Алғашқы кезеңде Димаш Құдайбергенов француз тіліндегі "SOS d'un terrien en détresse" әнін орындап, көрермендер қошеметіне бөленді. Қытайлық музыка мамандары оны "Тәңір назарына алған әнші" деп атады, ал фанаттары қазақша үйрене бастады. Жергілікті компания әншінің құрметіне смартфон шығарды, сонымен қатар "Димаш" және "Қазақстан" Қытай интернетінде жиі ізделінетін сөздер қатарына енді.

Пікірлер

  • Ботагоз
    Жанеееееееем

Пікір жазу