Гостиницы в Алматы
2014-12-01 11:07:28 1102 0

Елбасына арналған «Тығырықтан жол  тапқан»   фильмі экранға шығады

4 желтоқсаннан бастап Мемлекет басшысы туралы кинорежиссер Рүстем Әбдірашевтің «Тығырықтан жол тапқан» атты фильмі еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі. Фильм негізінен Елбасына арналған «Елбасы жолы», «Отты өзен», «Балалық шағымның аспаны» атты фильмдердің жалғасы. Басты рөлде алдыңғы фильмдерде де Елбасының рөлін сомдаған таланты актер Нұрлан Әлімжан. Сонымен қатар фильмде Валентин Гафт, Евгений Сидихин, Владимир Стеклов, Евгений Стычкин, Виктор Сухоруков сынды Ресейлік танымал актерлерде ойнайды. Фильмнің сюжеті Елбасының 1971-1978 жылдардағы өмірі жайлы.

Елбасының алғаш саясатқа қадам басқан кезі мен сол бір қиын кезеңдегі Қазақстандағы метталургия саласының дамуына барын салған және Қарағанды металлургиялық зауытында партком хатшысы болып тағайындалған кезеңін қамтиды. «Қазақстандық Магнитка салу» мақсатымен Нұрсұлтан Назарбаевтың қалалық партия комитетінде қызмет істей бастаған кезінен басталып болашақ президент дәрежесіне жеткенге дейінгі кездерімен аяқталады. Бұл фильмде ол тек өзі үшін ғана емес, сонымен бірге отбасы үшін де, тұтас бір комбинат үшін де бар жауапкершілікті мойнына алуға дайын еңбекқор адам. Өзінің қайсарлығы мен еңбекқорлығының арқасында атақты болып, метталург әріптестерінің алдында құрметке ие болады. Фильмнің негізгі картинасында басты рөлдегі кейіпкердің іштей күйзелісі мен қызметі бейнеленген.

Пікір жазу